Музыкальный портал levelminus.ru - развлечения на любой вкус
Эксклюзивті бейнетаспада ата-аналар өз балаларының экстремистік сайттарды көріп, соңында террорист болып шыққаны туралы айтылады. Жас жеткіншектерді дінге деген сенімінің күштілігінен Дағыстаннан шығарып алу мүмкіндігі болмады. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы 100-ден аса сайтқа сараптау жүргізіп, 600-ден аса сайттар экстремистік деп танылып, сот шешімдерімен тосқауыл қойылды. Бірақ интернет желісіндегі жасақтаушыға қарсы басты құрал, ол жақындарыңызға деген махаббатыңыз бен ықыласыңыз. Экстремизмге сіздің ақылыңыз бен жүрегіңізге кіруіне жол бермеңіз!